«Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің ауған елінен шығарылғанына 28 жыл» толуына орай Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара ауданындағы «Қазақстан» бастауыш мектебінде Шардара аудандық оқушылар үйінің үйірме филиалында «Ерлікке тағзым» атты тақырыпта «Тоғызқұмалақ» ойынынан турнир өтілді. Турнирге Ауған соғысының ардагер ағалары шақырылды және оқушылар үйінің директоры С.Мошқалов қатысты. «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жетекшісі Кушенов Д. «Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің ауған елінен шығарылғанына 28 жыл» толуына орай «Бейнелеу өнері» үйірмесі Көшербаева Гүлнардың жетекшілігімен «Ерлік – ұрпақ ұраны» тақырыбында Ауғанстанның ұрыс даласында болып, ел абыройын қорғауға атсалысып, интернационалдық борышын адал атқарған жауынгерлеріміздің ерлік істерін, қысқа ғұмырынан үлгі өнеге, тарихи тағылым беру, оқушылардың бейнелеу өнерін дамыту, елжандылыққа, отан сүйгіштікке баулу мақсатында сурет көрмесі өткізілді. Шардара аудандық оқушылар үйінде 2017 жылдың 12 ақпан күні Аудандық білім бөлімінің басшысы А. Бердалиеваның 30.01.2017ж №171 келіп түскен хатына сәйкес, Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің ауған елінен шығарылғанына 28 толуына байланысты «Ерлік – ұрпақ ұраны» атты тақырыпта Бокстан аудандық оқушылар үйінің директоры С. Мошқаловтың ұйымдастыруымен үлкен сайыс өтті. Сайысты тамашалауға Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы Қылыш Сәтбаев,Ауған соғысы ардагері Бекболат Сайтмұратов және аудандық білім бөлімі әдіскері Нұрмахан Ахметқұлов шақырылды.