07-04-2022
18.3 C
Шымкент

Байқау халықаралық көрмеге арналды

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Жетісай қаласы және Атакент, Мырзакент, Асықата өңірлерінің жеңімпаз мектептерінің оқушылары арасында өткізілетін туристік көпсайысы «Көктем найзағайы» жарысы өтті.Балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық бағдарлауды, спорттық туризм тәсілдерін насихаттау және денсаулықтарын нығайтуға ықпал ету, салауатты өмір салтын және нашақорлыққа қарсы күресті насихаттау, жас туристердің ептіліктері мен дағдыларын шыңдау, қала мен өңірлер мектептерінің арасынан ең үздік туристік топты анықтау және іс-тәжірибе алмасу мақсатында Жетісай қаласы мен өңірлер мектеп оқушылары арасында туристік көпсайыстан «Көктем найзағайы-2017» жарысы өткізілді. Жарыс төмендегі сайыстардан тұрды: Топтық сайыста  «Жергілікті жерді бағдарлау»,
«Сөнбес жұлдыздар»,  Бард әндерінің байқауы,  «Құс ұясы» акциясы,Туристік тұрмыс сынды бөлімдер бойынша сынға түсті. Сан салалы тараулардан тұратын сайыстың көрігін қыздырған жастардың арасында мықтыларды анықтау оңайға соқпады. Дегенмен жарыс қорытындысы бойынша  І-ші Орын: «М.Горький» МГ, ІІ-ші Орын: №122 ЖОМ, ІІІ-ші Орын: «Тұран» МГ-нің қанжығаларына байланды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР