03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Туған өлке тарихын насихаттады

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында «Қазақстан-менің елім» атты мектеп оқушыларының туристік өлкетану Оңтүстік Қазақстан облыстық байқауы болып өтті. Аты айтып тұрғандай байқаудың негізгі мақсаты: «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында туған өлкенің тарихын зерттеп, тарихи деректер жинау іскерлігін дамыту, туристік өлкетану жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, «Мәңгілік Ел» идеясын, ұлттың рухани жаңару, жаңашыл әдістерін меңгеруге баулу болып табылады. Зерттеу жұмыстары секция бағыттары бойынша таныстырылады  «Тарих тереңінде», «Туған жердің экономикасы», «Сөнбес жұлдыздар», «Табиғат және экология»,  «Халықтардың салт-дәстүрі және өнері»,  «Туризм және спорт, денсаулық» . Ережеге сәйкес, алты номинация бойынша Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының үйірме мүшелері байқауға қатысып жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Жас ұрпақтың бойына патриотизм дәнін құр сөзбен айтып, сіңіре алмайсың. Оларға тәлім боларлық осындай байқаулар арқылы ұғындыра білудің артықшылығы мол. Алдағы уақытта да мұндай байқаулар жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР