03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Қайырымдылықтың қайыры бар

Шымкенттік кәсіпкер Қайрат Сүлейменов те айлардың сұлтаны Рамазанда көңілі жүдеу, қамкөңіл балалардың маңдайынан сипады. Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданындағы Көксәйектегі тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған медициналық – әлеуметтік мекемесіне барды. Керек-жарағымен қамтамасыз етті. Бала көңілі шат. Дәмі тіл үйірер тәттілер, бастан аяқ жаңа киім, ас үйде де жаңарған ыдыс-аяқ… Бұл балалардың күнделікті қиындығын, ине егу, дәрі ішу сынды процедураларын бір сәтке ұмыттырды. Бар бос уақытын сауапты іске сарп ететін жанашыр ауыр сырқатқа шалдыққан бала көңілін осылай аулады. Бұл орталықта өздігінен жүріп тұра алмайтын 130 бала тіркелген. Білікті дәрігерлер шипасының арқасында көпшілігі сырқатты жеңуге талпынуда. Өмірдің қалтарысы мен бұлтарысы көп. Қиын сәттерде жас түгілі, жасамыстың өзіне қасына жалау болатын дос, арқа сүйейтін  ата-ана қажет. Ал, жартылай жарымжан бұл балғындардың мұнда әлдебір дүниеге мұқтаж екендіктері байқалмайды. Өйткені, демеушілердің көмегі, жылы қабағы мен қамқорлығы олардың өмірін өзгертіп, бір сәтке қайғысын сейілткендей. «Жақсы сөз — жарым ырыс». Игі-жайсаңның жылы сөзі мен ыстық мейірімі жан семіртеді. Оны әсіресе, осы балалар анық сезеді.

ГҮЛСАНАТ Ахметқызы  

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР