Қазақ қашанда ерлікке тағзым етіп, ерлерін ұмытпаған, ұлықтаған ел. Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар орталығында қымет бабында ерлікпен қаза тапқан милиция аға сержанты Нұржан Шойынбаевты және қызметіне адалдық танытқан ішкі істер органдарының өзге де қызметкерлерін еске алу рәсімі болып өтті. Қазақстан полициясының 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға Облыстық мамандандырылған күзет басқармасының жеке құрам қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Жиынға қатысушылар ерлер рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Ержүрек тәртіп сақшыларының қаһармандығы жайлы естеліктер айтты. Деректі фильмді өскелең ұрпақ назарына ұсынды. Қанатбек Тілеубердиев – Облыстық мамандандырылған күзет басқармасының бастығы: «Бүгінгі шараның негізгі мақсаты — жас қызметкерлерді батылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеп, және де олордың мәдениетін арттыра отырып, сол қылмыскерлермен күресте қаза тапқан әріптестеріміздің рухына тағзым ету.. » Уақыт өте келе Нұржан Шойынбаевтың ерлігі жас ұрпаққа үлгі өнеге тұта беретіндей із қалдырып отыр. атыр рухты ерлер ел үшін туады. Милиция аға сержанты Құрман Шойынбаев осыдан 26 жыл бұрын қылмыскерлерді құрықтау кезінде ерлікпен қаза тапты. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сайрам ауданындағы өзі оқыған мектепке қайсар сақшының ескерткіші орнатылып, есімі берілді. Еске алу жиыны үлкен концерттік бағдарламаға ұласты. Қоғам қауіпсіздігін сақтау жолында мерт болған қайсар сақшылардың туыстарына арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ішкі істер органдарының ардагерлері Құрмет грамоталарымен марапатталды.
СЕНБЕК Құттыбайұлы