03-09-2021
18.3 C
Шымкент

ЭКСПО-ға жол!

Халықаралық көрме қызығын Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентаулықтар да айрықша сезінуде. ЭКСПО-ның алғашқы күндерінен-ақ, қалада мерекелік іс-шаралар қызу өтіп жатыр.Сондай-ақ, дәл осы күні шағын шаһардың 50 тұрғыны көшті бастап, Астанаға жол тартты. Жерлестерін шығарып салуға велошабандоздар мен қала белсенділері де атсалысты. Кентаулықтар да халықаралық көрме күндері Қазақстанның әлем алдындағы абыройын көтеруге барынша атсалысуда. Жергілікті Трансформатор зауытының жоғары кернеулі тоқ таратқыштары дүбірлі шарада қызмет етуде. Бұдан бөлек, шағын шаһардың 4000-нан астам тұрғыны ЭКСПО-ға барады деп жоспарлануда. Бұл көрсеткіш еселене түссе, – тіптен жақсы, — дейді қала басшысы. Себебі, бас қаладағы тарихи сәтті көру – әрбір азаматтың патриоттық сезімін оятып, ғылымға деген қызығушылығын арттырады. Әбдібақыт Мақұлбаев – «Кентау қаласының әкімі

Көру керек.. 122 мемлекет бір жерге өзі келіп тұрғанда, олардың жеткен жетістіктерін, ғылыми жаңалықтарын неге барып көрмеске?! Сондықтан, баршаңызды ЭКСПО-ны барып, тамашалауға шақырамын».Озат тәжірибе, озық идеялар паш етілетін көрмеге бет алған 50 жолаушыны кентаулықтар сән-салтанатымен шығарып салды. Қариялар ақ батасын арнаса, жастар флешмоб биімен қуантты. Ал, спортшылар велошеруі қаланың негізгі қақпасына дейін жалғасты.Гүлдариға Жұмагелдиева — №12 Б.Момышұлы атындағы мектептің  директоры «Қазақстанды 25 жылдың ішінде әлемге танытып жатқан Елбасымыз Н.Назарбаевқа Кентау қаласының халқы атынан шексіз алғысымызды айтамыз»… Айта кетеу керек, 1851 жылы бастау алған ЭКСПО көрмесі  166 жылдан бері адамзат игілігіне қажет жаңалықтарды  ашып келеді.  Ал, Қазақстан – ТМД елдері арасында бұл жиынға қатысып жатқан ең бірінші мемлекет.

АЙЖАН Әшірхан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР