07-09-2021
36.3 C
Шымкент

«Туған жер — алтын бесігім»

«Туған жер — алтын бесігім». Елбасы мақаласы мен елдегі маңызды шараларды демеу мақсатында қолға алған акцияны бұл жексенбіде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданының тұрғындары  жалғады. Аудан дихандары Әл Фараби атындағы орталық алаңға бар жиған-тергендерін әкелсе, көркемөнерпаздар әннің туын тікті. Жырдың жібін байлады. Қазығұрттық кәсіпкерлердің де бұл акцияда белсенділігі жоғары. Өздері өндірген тауарды таныс етіп, нарықтағы бағадан арзан сатты.  Табиғи қою сүт,  балғын етті көңіліндегі бағасына алған шымкенттіктердің көңілі шат. Төлеген Телғараев – Қазығұрт ауданының әкімі «Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың ұсынысымен облыстық мәдени фестивалі өтіп жатыр.  Бұл мәдени іс-шараға Қазығұрт ауданы өздерінің 500 ден астам спорт шеберлері мен өнерпаздарын әкеліп, көрсетіп жатыр. Жалпы іс-шараның ерекшелігі «ЭКСПО-2017»-ге арнап, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына арнайы өткізіліп жатқан іс-шара. Келесіде басқа аудандарда осындай іс шара өткзеді».Көпшілік көңіл кілтін  аудан өнерпаздары тапты. «Күйеуім болыңызшы», — деп,  сылаң қаққан бойжеткен комедиялық қойылым арқылы/ заман шындығын жеткізді.  Облыстық әзіл-сықақ және сатира театрына келген қауымды…  терең ойға қалдырды.Тіршілік бастау алған елдің жас өнерпаздары да құр келген жоқ. «Балауса би» тобы әдемі қимылдарымен  сахна сиқырын оятты. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өнер көрсетті.Нұрболат  Ахметжанов – Облыстық мәдениет басқармасының басшысы: «Өткен жолы Ордабасы ауданы өз жетістіктерін көрсеткен болатын. Жобаға келер болсақ, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жоба күзге дейі жалғасатын болады. Күзге дейін барлық аудан келіп, өзінің жетістерін көрсететін болады».

ӨРКЕН Мырзабек

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР