04-09-2021
20.3 C
Шымкент

Жол жөнделіп, ел игілігіне берілмек

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданы Мақташы және Қоғалы ауылдары халқының біртіндеп әлеуметтік түйткілдері шешілуде. Қос елдімекен арасын жалғайтын жол жөндеу жұмыстарынан кейін қолданысқа берілмек. Мердігер «Шымкент дорстрой» өндіріс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар жұмысты мерзімінен 1 ай бұрын бітіргелі отыр.  Атамекен ауылдық округі 13 шақырымдық жол Мақташы елдімекені мен Қоғалы ауылын жалғайды. Әбден тозығы жеткен еді. Былтырғы тамызда аудан билігі жөндетуді жөн көрді. Жергілікті қазынадан  214 млн. 609 мың теңге бөлді. Бар жұмысқа «Шымкент дорстрой» өндіріс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жауапты деп танылып, ай соңына дейін мерзімінен бұрын қолданысқа берілмек. «Ескі жол есімізді кетірген. Балалар мектепке барарда қиналатын. Бастауыш сынып оқушыларынан обал еді. Әр шұқырдағы шалшық суға батып, малмандай болатын», — дейді елдімекен тұрғындары. Көлік жүргізушілері ойдым-ойдым жолда орғып жүріп, апатқа душар болған кездер де аз емес. Көпшілік осы проблеманың шешілгеніне разы. Қазір шабындық науқаны да қызған. Қарапайым жұрт үлеске тиген жерін орып болып, қай жолмен жеткізерін білмей дал еді. Бұл түйткілдің де түйіні шешілуге жақын. «Жол – әр елдің әлеуетіне баға». Елдімекен халқы осыны ойға түйген.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР