04-09-2021
21.3 C
Шымкент

Түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Мемлекеттің медициналық сақтандыру қорына жарна аудару мерзімі биылғы шілденің 1-інен 2018 жылғы қаңтардың 1-іне ауыстырылғаны белгілі. Сақтандыру жүйесінде қандай жеңілдіктер қарастырылған? Мемлекет әлеуметтің қай тобын ерекше қорғауға алды? Осы мәселелер Оңтүстік Қазақстан облысы орталығындағы №11 емхана қабырғасында талқыланды. Қолжетімді емделу… Бұл дегеніміз, Сіз өз таңдауыңыз бойынша кез-келген мемлекеттік, не жекеменшік емханада медициналық көмек ала аласыз. Дәрі-дәрмек алуда да жеңілдікке иесіз. Сол себепті, сақтандыру пакетіндегі мүмкіндіктерді әр адам білуге ынталы. Мемлекет айрықша әлеуметтік-медициналық көмекті ең алдымен, балаларға көрсетеді. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер де мейлінше жеңілдікке ие. Күндізгі бөлімде оқитын студенттер, 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста отырған аналар да жаңа жүйе төңірегінде алаңдамаса болады. Олар үшін емдеу ақысын мемлекет төлейді. №11 қалалық емхана қызметкерлері жаңа жүйені халыққа түсіндіру жұмыстарын ширатқан. Мамандар 25 участокты аралап, азаматтармен тілдесуде. Тұрғындар бұл жүйе отандық медицинаны сапалық, қолжетімділік тұрғыда жоғары сатыға көтеретініне сенеді.

АҚМАРАЛ Ағзамқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР