Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам-Өгем Мемлекеттік табиғи ұлттық паркінде «Парктер шеруі-2017» табиғат қорғау акциясы аясында «Оқушылар сарайы» МКҚК бірлескен «Табиғатты аялау ата-салтымыз» атты аула клубтарымен әдеби сазды бағдарламалы іс-шара өткізілді. Табиғатты аялау, қорғау және көбейту –әрбір адамзат баласының міндеті, әрі борышы. Осы бағытта жұмыс жасап отырған аула клубтарының жас табиғат жанашырлары өз өнерлерін ортаға сала келіп «Қарлығаш» және «Көгершін» топтарының арасындағы сайыс, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Екі топ арасындағы сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Іс-шара соңында топ мүшелері өз қолдарымен жасаған құс ұяларын ағаш бастарына орнатып, құстарға деген қамқорлықтарын көрсетті. Облыстық Экологиялық орталықтың ұйымдастыруымен «Менің атаулы ағашым» атты тақырыпта ,«Парктер шеруі-2017» табиғат қорғау акциясының аясында Сайрам-Өгем МҰТП, Экологиялық департамент, Дендрологиялық саябақ, Зоологиялық саябақ, Сырдария-Түркістан МӨТП мекемелерінің қызметкерлерімен М.Ауеезов атындағы ОҚМУ, Аумақтық әлеументтік иновациялық университеті, Шымкент аграрлық колледжі мен Жаңа технологиялар колледжінің студенттері, тәлімгерлері және № 58, 72, 89, 90, 98 мектептерінің оқушылары мен ұстаздары қатысқан ауқымды жас ағаш көшеттерін егу іс-шарасы Шымкент Дендрологиялық саябақта өтті. Арнайы дайындалған орынға 2000 дана жас ағаш көшеттері отырғызылып, іс-шараға қатысушылар көгалдандыру ісіне өз үлестерін қосты. Акцияға жалпы саны 400 адам қатысты.