02-09-2021
23.3 C
Шымкент

Ассамблея қызметінің ғылыми әлеуетін арттыру жайы қаралды

Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми сарапшылық топ пен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының отырысы өтті. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратовтың қатысуымен өткен жиында ассамблея қызметінің ғылыми әлеуетін арттыру мәселесі жан-жақты сөз болды.- Өздеріңіз білесіздер, Елбасы рухани жаңғыру негіздерін баяндаған бағдарламалық мақаласында Ассамблея алдына ауқымды міндеттер қойып отыр. Жаңғыруды ғылыми тұрғыдан негіздейтін Өздеріңізсіздер. Сондықтан, алда бірлесе атқратын жұмыстар аз емес,- деді Мұратәлі Оразалыұлы. Рине ассамблея мүшелеріне артылар жүк ауыр. Алдағы уақытта сан салалы жұмысты бірлесе отырып, ақылдаса шешу сынды асулар тұр. Басқосу соңында құрылым мүшелеріне өңірдегі этносаяси, әлеуметтік экономикалық және конфессиялық даму үрдісіне кешенді сараптамалық бағалау жүргізіп, оның ғылыми негіздерін әзірлеу бағытында нақты тапсырмалар берілді. Облыстық ассамблея бұл тұрғыда жемісті еңбек етері сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР