05-09-2021
17.3 C
Шымкент

«Жас өркен» жас маманды жұмыспен қамтиды

«Жас өркен» бағдарламасы «Самұрық қазына» әл-ауқат коры қолға алған жоба. Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы келген топ жаңа бастаманың жай-жапсарын түсіндіру үшін университет студенттерімен кездесті. Айта кету керек, қанатқақты жоба  енді ғана қолына дипломын алған жас мамандарды  жұмыспен қамтуды көздейді.  Оған  кез-келген түлек қатыса алады.  Құжаттарды қабылдау электронды жүйе арқылы жүзеге асады. Бағы жанып, жоба қатысушысы атанғандар бір ай бойы «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде, бір апта Мәскеудегі Deloitte компаниясында арнайы оқу курсынан өтеді. Содан соң  мамандығына қарай қор құрамындағы кәсіпорындардарда 20 айлық тағлымдаманы бастайды. Қатысушылардың осы уақыт аралығындағы  барлық шығынын жоба ұйымдастырушылары көтереді.  Ескере кетсек,  бағдарламаға бөлінген орын шектеулі.  Биыл  20 қатысушы қабылданады. Жарқын мүмкіндікті  мүлт жібергісі келмегендер жан-жақты сауалдарын қойды.  Нақты жауаптарын  осы кездесуде алды.Гүлнұр Жасекенова – Жоба жетекшісі: «Арнайы форма бар соны толтырасыз. Содан кейін мотивационный эссе бар, соны жазу керек. Оған дайын үш сұрақ қоямыз. Сол сұрақтарға жауап беру керек. Содан кейін логикалық ойлау қабілеті тексеріледі».

МАҚСҰТ Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР