04-09-2021
20.3 C
Шымкент

Қан тапсырды

Дүниежүзілік донор күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысында  мыңнан астам тұрғыны облыстық қан орталығында мұқтаж жандар үшін қан тапсырды. Дені сау адам үшін 450 милилитр көлемінде қан беру — физиологиялық жағынан еш қауіпсіз, қалыпты жағдай. Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі қан тапсырудың адам денсаулығына өте пайдалы екенін көрсетеді. Донор болудың ешқандай зияны жоқ, — дейді мамандар. Қан тапсыру барысында қолданатын құралдар — бір реттік. Олар дәл қан тапсыру алдында жаңадан ашылады. Ал, донор болуға ықылас білдіргеннің ағзасы регенерация үдерістерінің өтуіне байланысты жасарады. Әрі, жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуға көмектеседі. Иммундық жүйе жұмысын  да жақсартады. Әрбір адам өмірінде бір рет донор болуы тиіс. Себебі, өз денсаулығы жайында мәліметті ақысыз түрде алады. Мысалы ВИЧ, гепатит В,С, мерез таңбалағыштарының өз қанының құрамында бар-жоғын анықтау орта есеппен бір айлық еңбекақы көлемінде болады. Егер донор болсаңыз, онда өзіңізге және жақын туыстарыңызға қажеттілік туындаған кезде қан компоненттерін алуға кепілдеме беріледі. Жайнара Астанаева — Облыстық қан орталығы бас дәрігерінің орынбасары «Көп қан кеткен жағдайда, ешқашан қан тапсырмаған адамнан — донордың тірі қалуға мүмкіндігі көптеу. Себебі, оның ағзасы қан жоғалтып үйренген». «Кімде-кім бір адамның өмірін сақтап қалса, ол барлық адамзаттың өмірін сақтағанмен бірдей». Пайғамбарымыздың пайымды хадисі қасиетті Рамазанда мұнда келген көпшілікке үлкен ой салғандай. Өтеусіз донация адамгершілікті ардақ тұтқан жандардың жүрегін жадыратады.

САТТАР Есімбеков

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР