test
13-07-2024
32.3 C
Шымкент

Туған жерді түлетуге үлес қосты

Елбасының рухани жаңғыру мақаласында «Туған жерге тағзым» деген тармағы бар. Онда Атамекенге құрмет жасау керектігі меңзелген. ОҚО Бәйдібектік кәсіпкерлер де айтылған жайды жөн санайды. Сондықтан өздері туылған ауылдың кіреберісіне қақпа орнатты. Дәулеталды Жанбаев  Жарықбас ауылында дүниеге келген. Мектептен түлеп  ұшқан соң жұмыс бабымен Жамбыл облысына қоныс аударады. Бүгінде кәсібін дөңгелетіп отырған азамат туған жеріне тағзым жасауды ұйғарды. Сөйтіп, өзі туған мекеннің кіреберісіне еңселі қақпа  орнатты.Дәулеталды Жанбаев – Кәсіпкер «Жарықпас елдімекенінде мектеп қабырғасын бітіріп, содан бері Сарысу ауданында Жаңатас қаласында тұрып жатырмын. Бірақ әрқашанда елге аттың басын бұрып тұрамыз. Сол келген кезде ағайындардың өтініштері бойынша 14 жылы Жарықбас елдімекенінде осындай қақпа тұрды. 15жылы бұл кісілер келіп, 16 жылы өтініш жасап, биылғы жылда бұл жерге де сондай белгіні беріп отырмыз». Дәулеталды Жанбаевтың қаржысынан салынып отырған екінші нысан. Ендігі жерде жаңаталаптықтардың өтініші орындалды. Сөйтіп, елеусіз қалған елдімекенге ел азаматтары тарапынан көңіл бөлінді.Шәріпбек Жамалбек — Облыстық мәслихат депутаты «Елбасы еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жалпы, елдің халықтың әлеуметтік тұрмыс дәрежесі жылдан жылға нығайып келе жатқанын өздеріңіз білесіздер. Оның бер жағында елден шыққан кәсіпкер азаматтар көбейіп жатыр.Соның бір айғағының бірі — Жаңаталап елдімекенінде кіре-берісте елдің қай жерде орналасқанын, халықтың қай  жерде тұратынынан белгі беретін мынадай жақсы белгі қойылып жатыр». Кәсіпкер азаматқа ауыл жұрты ат мінгізді. Салтанатты жағдайда аудан әкімінің «Алғыс хаты» табыс етілді. Ендігі мәселе — шетте қалған елдімекенге мектеп салып беру. Оған да игі жақсылар араласатынына ауыл сенеді.

НҰРМАХАН Кенжехан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР