18-09-2021
22.1 C
Шымкент

Жылыжай кәсібі өрге басқан

ОҚО Түркістандықтардың өз өнімдері – өздерінде! Дихандар жергілікті халықты 70 пайыз қиярмен, 45 пайыз қызанақпен қамтып отыр. Қазір қала аумағы мен шағын ауылдарда жылыжай саны артқан. Шаға ауылдық округіндегі «Дидар» шаруа қожалығы 9 гектар алқапқа қызанақ егіп, алғашқы өнімдерін Ресейге жіберіп үлгерді.«Дидар» шаруа қожалығы өз жұмысын 2015 жылы бастаған. Алғашында 3 гектар жерге қызанақ егілді. Қазір шаруашылық өрісі кеңейіп, 20 жергілікті азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.  Ақерке Жақыпова – 2 баланың анасы. Оларды тәрбиелеу, уақытылы тамақтандыру, үйдің шаруасы… жас келіннің мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуіне аз-кем қиындығын туғызды. Қазір жұмыс кестесі ыңғайлы жылыжайда жұмыс істеп жатқанына қуанады. Айнала жасыл желек те адам жанын әжептеуір сергітетінін айтады.  Шаға ауылдық округінде 10 448 фермер тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Биылдың өзінде жылыжай көлемін 90 гектарға жеткізу ойда бар. Бұл өз кезегінде әлеуметтің еңбек нарығындағы белсенділігін арттырмақ.Қазір Түркістан аумағында жалпы көлемі 57,7 гектар болатын 552 жылыжай бар. Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардың көлемі 16,17 гектарға жеткен. Табыс көзін еселегісі келетін азаматтардың қатары да жыл санап артып келеді. Себебі, еңбек еткен… жерде қалмайтынына// әлдеқашан көз жеткен.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР