test
01-07-2024
29.3 C
Шымкент

Бітімгерлік — билік айтудың озық әдісі

«Кәсіби медиаторлар салық төлеуден жалтармауы тиіс». «Қоғамдық келісім» үйінде өткен кездесуде осы мәселе кеңінен талқыланды. Бітімгерлер үшін бір реттік мөлшерде, 1 айлық есептік көрсеткіште салық есептелетіні айтылды. Бітімгерлердің табысына салық салуға қатысты мәселелер 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Салық Кодексінің жекелеген ережелерімен реттеледі. Ол жеке тұлғаның салықтық өтініші негізінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі. 30-дан астам медиатор қатысқан жиында осы мәселе кеңінен түсіндірілді.Медиацияға жүгінген тараптар уақытын үнемдейді.  Мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қымбат тұратын қызметі керек емес. Заң тәсілінің артықшылығы да осы. Бітімгерлер іс барысында еріктілік, тараптардың тең құқылығы және құпиялылық қағидаларын қатаң ұстануы тиіс.  Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында 44 кәсіби, 459 кәсіби емес медиатор жұмыс істейді. Олар азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды шешуге ат салысуда. Ауырлығы орташа қылмыстар да медиаторлардың көмегімен оңтайлы шешілуде.

САТТАР Есімбеков

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР