02-09-2021
30.3 C
Шымкент

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «АШЫҚ ДИАЛОГ» жобасы

Елбасы –Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Ашық Үкімет» аясында және қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың бастамасымен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «АШЫҚ ДИАЛОГ» атты жаңа жоба енгізілді.
Бұл жоба тұрақты түрде әр айдың сонғы сәрсенебі күні өткізу жолға қойылды. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «АШЫҚ ДИАЛОГ» жобасының негізгі бағыты, мүгедек жандардың әлеуметтік, жұмыспен қамту, тұрғын үй, жер және денсаулық саласына қатысты мәселелерін тыңдалып, құқықтық түсіндіру және мәселерін шешу болып табылады. Аталған жобаның құрамына ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Денсаулық сақтау басқармасының, Еңбек, әлеуметтік қорғау, көші қон комитетінің ОҚО бойынша департаменті тиісті мамандары, «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес АҚ ОҚО бойынша филиалының «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің мамандары, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудан әкімі аппараттарының әлеуметтік салаға қатысты бөлім басшылары мен мамандары, қала әкімдігінің жер қатынастары, тұрғын үй қатынастары, кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы, білім бөлімдерінің мамандары және «Үкіметтік емес ұйымдарының» өкілдері кірген.«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «АШЫҚ ДИАЛОГ» жобасының алғашқы кездесуі өткізіліп, 12 мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселері тыңдалып, тиісті шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР