07-09-2021
19.3 C
Шымкент

Кәсіпкерге көмек – елге көмек

Республикалық кәсіпкерлер Палатасы облыстың аудан орталықтары мен моноқалаларда 14 филиал ашқаны белгілі. Онда 37 менеджер кәсіпкерлікке бағытталған қызметтің 8 түрі бойынша тұрғындарға сервистік қолдау көрсетуде. Айта кетейік,«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы жас бизнесмендерге арнап «Бизнес мектеп» ашқан. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Шахтыгүл Бекзатова бұл Палатаның шапағатына бөленгендердің бірі. Жеке кәсіпкердің айтуынша, сервистік қолдау көрсету бөлімінің мамандары бұл азаматшаға бизнес жоспарын жасауға көмектескен. Бүгінде ол мал бордақылаумен айналысып, ірі қара мал басын 36-ға жеткізген. Айта кетейік, шет елдік мамандар өңіріміздегі 74 кәсіпкердің білімін шыңдап, атап айтсақ, бизнес жобасын дайындаған. Қазақ-Британ техникалық университетінің оқытушыларынан тәлім алғандар 2-кезеңге өтіп Германияда мемлекеттің есебінен бөлінген қаржыға білімін жетілдіруге мүмкіндік алған. Оқу өз нәтижесін беріп, облыстағы кәсіпкерлердің қатарында шет елден инвестор тауып, облысымызда өз кәсібін өрбіткен азаматтар да бар. Бұл өз кезегінде облыстағы кәсіпкерлердің ісінің өрге өрлеуіне көп көмек болса, екінші жағынан табысын еселейді. Ал кәсіпкерлік саласының даму бюджет қоржынының еселенуіне көмек қолын созатыны анық.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР