19-04-2022
18.3 C
Шымкент

Күнгейге велошабандоздар келді

Оңтүстік Қазақстан облысына шетелдік саяхатшылар келді. Бүкіл дүние жүзін  велосипедпен саяхаттап, мәдениетімен танысып жүрген ерлі-зайыпты Ришар Дёлаво және Бернадет ЭлеуЭт екі доңғалақты темір тұлпарларының басын Қазақстанға бұрды. Ғашықтар мекені Францияның Морле қалашығынан келген велосаяхатшылар өздерінің біздің өңірдің табиғатына қызығатын айтты. Олар осыған дейін еліміздің 3 қаласында болыпты. Зейнет жасындағы саяхатшылар алдымен Еуропа елдерінің барлығын саяхаттап шыққан. Содан кейін Ұлы Жібек жолы бойымен Орта Азия елдеріне бет бұрыпты. Қазақстан – осы жолдағы 17-ші ел. Туристер жол бойы түрлі қызықтарды бастан кешіргендерін айтады. Барлығын фотоға түсіріп, арнайы күнделік жазып жүр. Кейін жариялаймыз дейді. Велосаяхатшылар Шымкенттені кейін Таразға бет алды. Одан кейін Бішкек, Алматы, Өскемен қалаларында болмақ. Шетелдіктердің есебі бойынша, бүкіл әлемді шарлау жоспарлары 4 жылға созылады. Олар татулық пен ынтымақ ұйыған еліміздің қонақжайлылығына қайран қалғандарын жасырмайды. Тіпті жол есебін өзгертіп оңтүстік өңірде біраз қала тұрсақ деген ойлары барын да жасырмады. Тұмса табиғатына қайран қалыпты. Әрі мұндағы табиғи өнімдердің көптігіне риза екендіктерін жасырмады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР