02-09-2021
30.3 C
Шымкент

Мақта зиянкестерімен күрес мәселесі сөз болды

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу»  институтында мақта көбелегі және өрмекші кенеге қарсы биологиялық және химиялық күрес шараларын ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары бойынша семинар-кеңес өтті. Шараның мақсаты – мақта өнімділігін экологиялық таза жолмен өсіру технологиясын сақтау, мақта егістігін зиянкестерден химиялық емес биологиялық жолмен  қорғау болып табылады.
Семинарда сөз алған ОҚО аумақтық инспекция басшысы Н. Бадыраков облысымыздағы зиянкестермен күрес жұмыстарының барысын баяндады.
«2013-2016 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тікелей қолдауымен 2013 жылы биоагенттердің және биопрепараттардың құнын арзандатуға алғаш рет 150 миллион теңге қаржы бөлініп, 40 мың гектарға жуық мақта алқабы биологиялық әдіспен өңделді.  Нәтижесінде мақта өнімділігі облыста рекордтық көрсеткішке жетіп 28 ц/га құраса, мақтаның ордасы Мақтааралда 30ц/га құрады. Бұл биологиялық тәсілдердің тиімді екенін көрсетеді», — дейді инпекция басшысы.
Сондай-ақ, семинарда «Мақта дақылының зиянкестеріне химиялық және биологиялық тәсілмен күрес» тақырыбында Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының өкілі Б.Көпжасаров, «Қазақстанда мақта шаруашылық саласының бүгінгі таңда даму жолдары» тақырыбында Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Ибадулла Үмбетаев баяндама жасады.
Айта кетейік, семинар-кеңеске аумақтын инпекция мен болжам орталығының басшылары мен мамандары, аудандық бөлім басшылары мен мамандары, ауылдық округ әкімдері, жер мамандары, биофабрика, биолаборатория мен агроқұрылым басшылары қатысып, мақта шаруашылығына қатысты көптеген ақпараттарға қанық болды.
ОҚО  әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР