04-09-2021
17.3 C
Шымкент

Өз мәртебеңді анықта…

Жуырда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің төрағасы Серік Ыбыраев және Астана қаласындағы “Ұлттық нейрохирургия орталығы” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Бексұлтан Тұтқышевтің қатысуымен Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам аудандық мәдениет үйінде 500 тұрғынның қатысуымен осы тақырыпта мәжіліс өткізілді. 2017 жылғы сәуірдің 5-і мен маусымның 30-ы аралығында “Емханаға тіркел де, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта” ұранымен республика бойынша тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны өткізіліп жатыр. Осы науқан барысында азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудағы мәртебесін анықтау үшін үгіт насихат жүргізу мақсатында оған 33633 аула тұрғыны қамтылды, 10 брифинг сұхбат, 7 конференция өткізіліп, 65683 адамға жеке түсіндіру жұмысы жүргізілді және тұрақты түрде емхананың барлық бөлімдеріне бейнешығыршықтар қойылуда, көрнекі құралдар ілінген, халық арасында парақшалар таратылуда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша материалдар емхананың сайтына орналастырылды.Биылғы жылғы маусымның 16-сында “Кәсібіме басымды иемін” ұранымен өтетін медицина қызметкерлерінің төл мерекесімен әріптестерді құттықтай отырып, адам денсаулығын қорғаушы ақ желеңді азаматтардың жұмыстарына жеміс тілеймін.

Төлеген ҚҰРАЛБАЕВ,
Сайрам аудандық «Ақсукент» емханасы бас дәрігерінің орынбасары, жоғары санатты дәрігер, “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі”.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР