04-09-2021
24.3 C
Шымкент

Ел амандығы үшін…

ОҚО Сайрам ауданында ювеналдық полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау және жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр және мектептерге полиция инспекторлары бектіліп, олар таңертеннен бастап кешкі уақытқа дейін жасөспірімдер арасында профилактикалық шараларды өткізіп тұрады.
Ауданымызда бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары көптеп кездеседі, осы бағытта атқарылған жұмыстардың арқасында аталған қылмыс түрлері біршама төмендеді және ашылу пайызы жоғарылады. Осы бағытта тәуір нәтижеге қол жеткізген полиция қызметкерлері полиция майорлары А.Әлібеков, Е.Айтқұлов, М.Бердиев, полиция капитаны А.Юнусметовті атап өткен жөн. Сонымен қатар, аудан аумағында орын алған қылмыстарды өздерінің жоғары кәсіби деңгейімен жан-жақты, объективті тергеп-тексеруде және сотқа дейін жолдауда тергеу бөлімінің қызметкерлері, полиция капитандары А.Төлегенов пен Б.Матеновтің, анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция капитаны Б.Дошмановтың қосқан үлесі зор. Сонымен қатар, көші-қон саласында атқарылған жұмыстарды сараптай келе, айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізгенімізді де айта кетейік. Биылғы 5 ай көлемінде 40615 шетел азаматы уақытша тіркелген, өткен жылы бұл көрсеткіш 629 болған. «Мигрант», «Заңсыз келуші – 2017» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізудің нәтижесінде 184 азаматқа 1085705 теңге әкімшілік айыппұл салынып, ол толығымен өндірілді. Аталған бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырып, басқаруда көші-қон қызметі бөлімінің бастығы, полиция подпоковнигі Б.Әбдіғаппаровтың еңбегін зор. Қоғамдық тәртіпті қорғауға желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері де елеулі үлес қосып жүр.
Берген антына адал барша полиция қызметкерлерінің алдағы кезде де дәстүрге адал болып, азаматтардың мемлекеттің қуатын, құқықтық тәртіптің заңдылығы мен салтанат құруын сезінуі үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім мол. Туған елдің тыныштығы үшін табанды еңбек етіп жүрген ішкі істер органдарының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға ырыс-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін.

Е.ӘБДІРАМАНОВ,
аудандық ішкі істер басқармасының
бастығы,
полиция полковнигі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР