test
11-07-2024
27.3 C
Шымкент

Шетелдік қонақтар музей жәдігерлерін тамашалады

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Парламенттік ассамблеясының төрайымы Кристин Муттонен келді. Қадірлі қонағымызға орыс және ағылшын тілдерінде экскурсия жүргізілді. Кристин Муттонен музей экспозициясымен танысып, жәдігерлерге қызығушылық танытып, ризашылықтарын білдірді. Тау асып, теңіз асып келген қонақ қазақ тарихының соншалықты бай екеніне таңданысын білдірді. Келген қонақтарымызға музей директоры Гүлнар Саматқызы музей туралы үш тілде шығарылған кітапша, буклеттер табыстады… Бұдан кейін музейге құнды жинақтар тапсырған азаматтар қонақта болды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Музейлерге қайырымдылық, демеушілік акцияларымен қоса өз еркімен кітаптарды, суреттерді, тарихи құжаттарды, көркем артефактілерді сыйға тарту іс-шараларына» орай, орталықтың директор орынбасары Тұрар Шамшатдинұлы орталықтың қор бөліміне «Айман-Шолпан», «Алпамыс», «Қамбар батыр», «Мұңлық зарлық» атты қазақ халқының эпостық жырлары және С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары жазылған пластинкаларды сыйға өткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР