14-04-2022
25.3 C
Шымкент

Отбасы – кішігірім мемлекет…

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төле би аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара Көксәйек ауылдық округіне қарасты №9 кәсіптік техникалық колледжінде студенттер арасында неке және отбасы құндылықтарын сақтау жас отбасылардың неке бұзу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу, жастарға дұрыс бағыт бағдар көрсету, үлгілі отбасын дәріптеу мақсатында «Неке және отбасы» тақырыбы аясында дебат, пікір талас ойыны өткізілді. Жасырары жоқ бүгінде үйлене салып, ажырасушылардың қатары кемімесе азаймай отыр. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін аталған шараларды көптеп өткізсе артықтық етпейтіні анық. Жастарға отбасы құндылығын сақтау, патриотизмді дамыту, отансүйгіштікке баулу сынды баяндамалар оқылды. Сайысқа түскен «Ынтымақ» тобы мен «Береке» тобы қатысып, тақырыпты кеңінен тарқатып, ойын барысын әсерлей түсті. Жалпы іс-шараға аудандық «Нұр» мешітінің найб имамы Ә.Бекмұратов, аудандық емхананың психолог маманы А.Сарбасова және әлеуметтік қызметкері С.Шынар, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы А.Шынтасова, №9 КТК колледжінің психолог маманы М.Темірбекова, БАҚ өкілдері қатысты. Алдағы уақытта аталған іс шара жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР