test
08-07-2024
21.3 C
Шымкент

Жол бойы ажарланды

Елді мекеннің атын айқайлатып жазып қою үрдіске айналды. Жақсы үрдіс. Өйткені ауылға кіре берісте еңселі, айшықты, сәні мен салтанаты келіскен «арка» тұрса, риза пейіліңізді танытып, «па, шіркін!» деп өтпейсіз бе ауылға қарай. Қазір әсіресе сыртта түрлі салада еңбек етіп, туған жеріне оқта-текте сағына жететін азаматтар туған ауылына бір белгі қалдыруды армандап-ақ жүретін сияқты. Мәселен, жуырда ОҚО Бәйдібек ауданындағы Ағыбет ауыл округінің екі ауылында осындай еңселі «аркалар» орнатылды. Бірін мектеп бітіргендеріне он жыл толған түлектер іске асырса, ендігі бірін Жамбыл облысының Жаңатасында еңбек ететін «Қазақстанға еңбегі сіңген құрылысшы», білікті инженер Дәулеталды Жанбаев орнатты.Туған өлкесі Жаңаталап пен Жарықбас ауылынан сонау бала кезінде өрісін ұзатқан Дәулеталды өткен жылы Жарықбасқа, биылғы жылы Жаңаталапқа «арка» орнатып беріп, жұртшылықтың ризашылығына бөленді. Бүгінгі қысқа хабарымыз осы Жаңаталап» туралы болмақ. Ағыбет пен Жаңаталап ауылдарының шекарасында тұрған «Қалаубай қыстауы» аталатын аймақ жанамалай өтетін жолдың қарсы бұрылысына «Жаңаталап ауылы» деген жазуы бар ені сегіз, биіктігі үш метр шамасындағы «арканың» ашылуына жаңаталаптық тұрғындар бір кісідей қатысып, сән-салтанатын жасады. Бұл іс-шараға облыстық мәслихаттың депутаты Ш.Жамалбеков, Сарысу ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Р.Қозыбағаров, Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесі төрағасы Ж.Орынбаев, Жаңатас су-жылу мекемесінің директоры Е.Қозыбақов, біздің аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ө.Алдамжаров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбеков, аудандық мәслихаттың депутаты Б.Қалаубай, тағы басқалар қатысып, елдің қуаныштарына ортақтасты.

М.САДЫҚБЕКОВ,

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР