19-09-2021
22.3 C
Шымкент

Нақты жаңғырудың қадамы

Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы саяси-идеологиялық құжат деп айтуға болады. Елбасы елдің бүгіні мен болашағы туралы ой толғайды. Оның Отанға, елге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі тәрбиенің негізі. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрілген. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық һәм концептуалды жобаларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан көшбасшысы айтқан «бәсекеге қабілеттіліктің» бір шарты.
Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз — елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Тәуелсіздік ала отырып, Қазақ елі «күрес кеңістігіне» аяқ басты. Тәуелсіз елге ешқашан ертеңге енжарлық танытуға, саяси және экономикалық өмірге селқос қарауға болмайды. Оның үстіне мемлекеттілікке төнген жаһандық сын-қатерлер саны артқан сайын «күрес кеңістігі» де кеңеюде.Н.Назарбаев алдағы онжылдықтардың ұранына «реализм мен прагматизмді» ұсынады.«Жалғандық жарға жығады» дейді қазақ даналығы. Біз – бабалар батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз. Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды бос демагогия дертінен арылтуға күш салды. Оның орнына елді өркендетер түбегейлі жаңаруларға жұмылдырды. Білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті өмірге айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қадамы.
Біз ұлтымыздың бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытсақ, жыландай жылжыған жат идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз. Бұл тараптаОҚО Бәйдібек ауданында көптеген игі шаралар атқарылуда.

Ә.БОЛЫСБЕКОВ,
Бәдібек аудандық аумақтық сот орындаушылар бөлімінің инспекторы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР