test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Балаларға қуаныш сыйлады

Адам өмірдегі ең үлкен бақыт ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданындағы Қаратау, Ақсүмбе, Саржаз елді мекендерінде «Қаратау» ЖШС-нің ұйымдастыруымен балаларға ойын алаңын салып берді. Іс-шара барысында «Қаратау» ЖШС-ның аппарат басшысы Серікбек Қалдыбеков, «Қаратау» ЖШС-гі директорының орынбасары Ерлан Болысбаевтарға ауыл тұрғындары атынан Қаратау ауылының әкімі Оразхан Ермахан, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Мейірбек Жалмұрзаев, зейнеткер ұстаз Мұхиддин Смайлов, ардақты ана Күнімай Төреқұлова, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Тәжібеков және кішкентай бүлдіршіндеріміз құтықтау сөз сөйлеп, ақ алғыстарын білдірді. Ауыл әкімі Оразхан Ермахан Ақсүмбе ауылынан салынған балалар алаңын демеушілер арқылы сым шарбақпен қоршап беретінін жеткізді. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Біздің ел-бейбітшілік сүйгіш ел. Балалармыздың бақытты жүзі мәңгілік жарқын болсын!
Біржан ЖАНДӘУЛЕТОВ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР