test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

ЭКСПО-2017-ге тарту

ОҚО Созақ ауданындағы мұражайдың ашылу салтанаты 2014 жылдың қараша айында өтті. Оған еңбек ардагерлері, ауыл ақсақалдары, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар қатысып, лентасын Қазақстанға еңбегі сіңген ардагер ұстаз, оқу ісінің үздігі Сейілбек Наурызбаев қиған болатын. Содан бері көп уақыт өтпей-ақ мұражай қажетті жәдігерлер мен үнемі толықтырылып, көлемі жағынан көбейіп, мағынасы жағынан молайып келеді. ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу құрметіне мұражай мына бағыттарда жұмыс атқаруда: Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін айшықтайтын құнды жәдігерлерді жинақтау,  Қазақ халқының тарихи тұлғаларының, соғыс ардагерлерінің, ауданымыздың білім және өнер қайраткерлерінің, ақын-жазушыларының және ардагер ұстаздардың бейнесін көркемдеу. Мұражайдың басты бағыты қажетті деген тақырыптарға байланысты кескіндеме, суреттер, мүсіндер жасау, үнемі толықтыру жұмыстарын жүргізу, Сонымен қатар, осы бейнелеу өнері арқылы ұлттың ұлы құндылықтарын – тарих, мәдениет, өнер, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін насихаттай отырып, жас ұрпақтың бойына елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. ЭКСПО-2017» көрмесі аясында мектеп ғимаратының 3-қабатында орналасқан көлемі 3х6 метр болатын «Қазыналы Қаратау», 3х9 метр болатын «Табиғат тамашасы» атты паннолары да адам жанын жадыратып, көрген көзді қуанышқа бөлейді. Өскелең ұрпақтың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікті сіңіру жолында аянбай тер төгіп келе жатқан қария қазіргі таңда «ЭКСПО-2017» көрмесі құрметіне «Тарихи өткелдер» атты 3х9 метр көлемінде болатын қазақ тарихынан сыр шертер панно дайындау үстінде.

Біржан Жандәулетов

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР