Өткен аптада «Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық семинар болып өтті. Семинарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігі тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ОҚО әкімдігімен бірлесе ұйымдастырған. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы , профессор Мырзахметұлы Мекемтас, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Қажыбек ерден, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбжанов Хангелді, Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғлысының төрағасы Дос Көшім, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры қатысты. Семинардың өзектілігі өңірлердегі ономастикалық ахуал,идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-сужәне ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселелері жан-жақты тарқатылып талқыланды. Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бас мақаласында: «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. «Туған жер» бағ-дар¬ла¬масын жинақылықпен және жүйелі¬лікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет» деген болатын. Аталған жиында бағдарламаның жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеуге қосар үлесі қомақты екендігі айтылды.
Мақсат ҚАРҒАБАЙ