test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Мал бордақылайтын алаңда көбейіп келеді

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылында 16 мал бордақылайтын алаң ашылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 25-ке жеткізу жоспарлануда. 15 азамат өз қаражаты есебінен қора-жайын ыңғайластырып, бір мезетте 10-15 ірі қара бордақылайтын шағын алаң ашып, жұмысын бастады. Ал, 1 азамат ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қорынан 2 миллион теңге несие алып, отбасылық кәсібін дамытуға көшті.  Жеке кәсіпкер Н.Байжан етті бағыттағы шаруасын кеңейту мақсатында бүгінде 150 басқа арналған қораның құрылысын бастады. Жалпы Ордабасы ауданы облыс орталығына жақын орналасқан. Ауданда кәсіптің көзін тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған шаруа да, егінін жайқалтып отырған диқан да, тасын өрге домалатып отырған кәсіпкерлер де көп. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көптеген мүмкіндіктерді қалт жібермей дер уақытында алып, кәсіптерін ілгерілетуде. Әсіресе мал шаруашылығымен айналысатындардың қатары артып келеді.  Мал бордақылау кәсібінің қыр сырын меңгеріп, осы салада нан тауып отырғандар да көп. Алдағы уақытта осы саланы одан әрі дамытып, аудан қоржынын қомақтыландыруға көп септігін тиері анық.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР