test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

«Келісіп пішкен тон келте болмас…»

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданының  әкімі Алмасбек Мамытбеков ардагерлермен кездесіп, атқарылған тірлік барысы, өзекті мәселелер жайында пікір алмасты. Кездесу барысында аудан орталығында орын алатын сәулеттік өзгерістер таныстырылып, қариялардың ұсынысы тыңдалды. Әрине әрбір азамат қоғамда орын алып жатқан жағдайлардан тыс қалмауы тиіс. Әрі аудан азаматтары аудан орталығының сәулеті артып, абаттандырылғанын қос қолдап қолдайтыны анық. Бұл тұрғыдан алып қарағанда ақылы асқан ақсақалдармен ақылдасқан аудан әкімінің көрегенділігі болса керек. Өз кезегінде қариялар крген, білгендерін түйгендерін ортаға салып, ақылдасты. Б.Әріпбаев, Р.Битуғанов, Т.Айтбаев, Г.Дәнешұлы жоспарланған сәулеттік жоспарларды құптап, өздерін қызықтырған сұрақтарға көшті. Бүгінде ордабасылықтарды алаңдатқан басты сұрақ — газбен қамтылу ісі қанша уақытқа созылатыны. Аудан әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаев АГРС құрылысының аяқталуға таяғанын, ауыл ішіне құбырлар үстіміздегі жылдың аяғына қарай жүргізіле бастайтынын жеткізді.  Алмасбек Кеңесбекұлы «Келісіп пішкен тонның келте балмайтынын» айта келе, ардагерлерге қоғамдағы жағдайға немқұрайлық танытпай, өңіріміздің дамуына, өркендеуіне салмақты кеңестерімен қосқан үлесі үшін алғысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР