03-09-2021
18.3 C
Шымкент

«Ең маңыздысы — жайылымның жағдайы…»

Оңтүсік Қазақстан облысындағы Ордабасы ауданында жеке шаруашылықпен айналысатындар көп. Солардың бірі А.Топшақ: «Кәсібіміз — мал бағу. Бізге ең маңыздысы — жайлымның өрт пен зиянкестерден аман болуы. Алғашқыда, шегіртке ауып келгенде уайымдағаным рас. Болжау орталығынан, ауыл әкімшілігінен мамандар келіп, дәрілейтін азаматтарды шақыртып, күндіз-түні осында жүрді. 1000 гектарға жуық жерді залалсыздандырды. Қазір зиянкес шегіртке жоқ. Демек, алаңдауымызға да негіз жоқ» дейді. Ал «Тұрсын» шаруа қожалығының төрағасы Б.Гусейнов: «Шаруашылық иелігінде 500 гектар жайылымдық жер бар. «Малдың жайын баққан біледі» демекші, алдымен шабындық жайын ойлаймыз. Шегіртке де — бір апат. Келуі қалай тез болса, жойылуы да солай жылдам жүзеге асты. Айналаның барлығы дәріленген соң, тәулікке жетпей қырыла бастады. Қазіргі кезде ол зиянкеске тіпті алаңдамаймын. Себебі, көзіме түспегелі біраз болды». «Абадан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Н.ІЗТІЛЕУОВ: «Мамандардың дер кезінде әрекет етуінің нәтижесінде өнімдерім аман қалды. 100 гектарға — бидай, 60 гектарға — мақсары, 50 гектарға арпа егіп, баптауға алып едім. Шегірткенің алғашқы легі бой көрсетісімен, дәрі де, дәрілеуші де жеткізілді. Қазіргі таңда алқаптарыма ешқандай қауіп төніп тұрмағанын сеніммен айта аламын» дейді. Осылайша ордабасылық шаруалар шегірткеден келер қауіп жоғын, дер кезінде көмек қолын созған әкімдікке алғыстарын айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР