test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Тұрғындарға насихат жұмыстары жүргізілді

ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен ОҚО Сарыағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан зорлық-зомбылықсыз отбасы» пилоттық жобасы аясында ҚР Бас Прокурорының арнайы істер жөніндегі аға көмекшісі Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Оксамитный Юрий Викторович Қошқарата ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Бас Прокурорының арнайы істер жөніндегі аға көмекшісі Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы ауылдық округ тұрғындарына пилоттық жобаның мән-мақсатын, жоба аясында атқарылар іс-шаралар мен жобадан күтілетін негізгі жаңалықтар мен нәтижелерді түсіндірді. Сонымен қатар, іс-шарада концерттік қойылым қойылып, тұрғындар арасында психологиялық тренингтер өткізілді. Жоба аясында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелері бойынша түрлі сала басқрамаларымен жеке қабылдаулары ұйымдастырылды. ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен Сарыағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан зорлық-зомбылықсыз отбасы» пилоттық жобасы аясында Ошақты ауылдық округінде іс-шара өтті. Іс-шарада ауыл тұрғындары жеке қабылдауларға жазылып, өздерін қызықтырған мәселелері бойынша басқарма өкілдеріне жеке сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, іс-шара барысында ауыл тұрғындарына концерттік қойылым қойылып, пилоттық жобаның мән-жайы талқыға салынды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР