test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Қоғамдық кеңес отырысы

Облыс әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Онда облыстық мәслихаттың «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі көтерілді. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері мен  облыстың басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібіне бірнеше мәселе қойылды.  Оның ішінде  «Оңтүстік Қазақстан облысының тірек ауылдық елдімекендерінің тізбесін айқындау» жайы жиынға қатысушылардың  негізгі назарында болды.Сондай-ақ,  өңірдегі өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын арттыру,  мемлекеттен берілетін субсидиялар нормаларын  бекіту мәселелері де қаузалды. Облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын  беру қағидасына қатысты ұсынысын білдірді. Қайрат Балабиев — Облыстық мәслихат хатшысы «2009 жылы облыстың Құрметті азаматы атағын беру туралы ереже қабылданған болатын. Мысалыға,  өзіміздің көрші Жамбыл облысын алып қарайық, онда жылына 20 адамға дейін «Құрметті азамат» атағы беріледі. Жамбыл — бізден үш есе кіші облыс. Бізде  5 адамға ғана беріледі. Алдағы 3 жылда Құрметті азамат атағы берілмеген. Сондықтан да облыстың «Құрметті азаматы» атағын он адамға дейін көбейтсек деген ұсыныс енгізіп отырмын».

СЕНБЕК Құттыбайұлы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР