02-09-2021
30.3 C
Шымкент

Әскери бөлімнен келген марапат

Ел тыныштығын сақтау, халықтың алаңсыз өмір сүруі үшін жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу қоғамның басты міндеті. Қашанда патриоттық тәрбиенің қоғамымызда алар орны ерекше. Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сананы дарытуда біртуар ұлы қолбасшы, жазушы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген. Өмірінің соңына дейін әскери-патриоттық шығармалар жазумен айналысқан батырдың өмірінен қалай үлгі-өнеге алсақта жарасады. «Ел боламын десең бесігіңді түзе»-деген…Міне, осындай әскер қатарынан жақында ғана оралған жерлестеріміз Шолаққорған ауылының тұрғыны Асқат Айбекұлы мен құмкенттік Орынбек Ерболат Отан алдындағы борышын Тараз қаласындағы 2035 әскери бөлімінде абыроймен өтеп елге оралды. Әскер қатарында жүріп жауынгерлер жан-жақты екендігін байқатады. Маусым айының басында ОҚО Созақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Манапов Ерлан Қалмаханұлы Отан алдындағы борышын абыройлы атқарып, ауданымызға үлкен жетістікпен оралғанын атап өтті. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі 2035 әскери бөлімінде Тараз қаласында орналасқан 2016-2017 жылдары мерзімді қызмет атқарған Отан алдындағы әскери борышын ынта-жігерімен атқарғаны үшін Асқат Айбекұлы мен   Орынбек Ерболатқа II-дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгілерін жарқырата табыс етті. Осы мақсатта жұмыс атқарып, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу жолында маңызды орын алатын аудан Қорғаныс істері жөніндегі  бөлімнің бір қатар азаматтарыда құтықтау сөз сөйлет медал алып елге аман есен оралған жауынгерлерге жүрек жарды жылы лебізін білдірді. Сарбаздармен әңгіме барысында байқағанымыз болашаққа жауапкершілікпен қарайды. Ер­теңгі күнін әскери өмірмен байланыстырғысы келетіндігін жеткізді. Ауданымызда мақтан етер  осындай оғыландар барын жұртшылыққа жеткізгіміз келді.

Біржан ЖАНДӘУЛЕТОВ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР