test
07-07-2024
21.3 C
Шымкент

Қытай журналистерін Оңтүстік Қазақстан қызықтыруда

«ЭКСПО-2017» аясында өңірімізге алғашқы туристер де келіп жетті. Қытайдан келген өкілдерді Қазақстанның Оңтүстігі қызықтырғанға ұқсайды. Сондықтан жоспардан тыс саяхат жасауды жөн деп шешіпті. Оңтүстікке келген қонақтар өңіріміздің туристік әлеуеті ғана емес, экономикалық дамуы жөнінде де білгісі келеді. Өңірімізге келген қонақтарды облыстық туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт  күтіп алды. Сөйтіп, түстіктегі туристік әлеуеті зор аймақтарға саяхат жасауға  шақырды. 3 кісілік делегацияны Қытайдың орталық телеарнасының бас продюсері Жоу Хуң бастап келді. Бұл азамат Астанаға дейін  Шанхай мен Миланда өткен ЭКСПОға арнайы хабар дайындаған. Бұл жолы Қазақстандағы ЭКПО-ның өтуін бақылауға арнайы ат басын бұрып отыр.Батырхан Құрмансейіт – Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы «Саяси-экономикалық, дипломатиялық қарым-қатынастың барлығы 2 мемлекеттің халықтар достығына, үлкен 2 мемлекеттің тату-тәтті ынтымақтастық серіктестік қарым-қатынас орнатсақ, онда мәдени білім және туризм саласында, гуманитарлық салада қарым-қатынас дамиды». Жоу Хуң еңбек ететін ССТV  атауымен әлемге мәшһүр болған Қытайдың Орталық телеарнасы әлемнің 121 елінен хабар таратады. 1,5 миллиард Қытай елі бұл арнаны түгел көреді. Сондықтан Қазақстан жайлы  деректі фильм түсіруді көздеп отыр. Бүгінгі сапары осы жұмыстардың алғышарты іспеттес. Қажетті рұқсат қағаздарды түгендеп, келетін түсірілім тобына виза дайындауға кіріспек.  Жоу Хуң – ССТV телеарнасының бас продюсері «Биыл Қытай мен Қазақстан арасындағы достыққа 25 жыл толып отыр. Биыл әрине, «Қазақстан мен Қытайдың туристік жылы» деп айтуға болады. Осы сәтті пайдалана отырып, біз Қазақстанды бұдан ары қарай тануға келіп отырмыз. Әрине, оның ішінде Шымкенттің алар орны ерекше». Бұл компанияның  түсірген дүниесі қытайлар үшін қазақ елін танып білуге мүмкіндік бермек. Тегін жарнамаға  қызығушылық молайса, оңтүстікке қытайлық  туристер көбірек келуі мүмкін.

НҰРМАХАН Кенжехан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР