02-04-2022
9.3 C
Шымкент

Қасиетті айдағы игі шара «Ырыс алды — ынтымақ» форумы өтті

ОҚО Түркістан қаласы әкімдігінің бастамасымен қасиетті айдағы имандылық шара ретінде «Ырыс алды — ынтымақ» қоғамдық форумы өтті.
Қаладағы «Сауран» мөлтек ауданындағы 8 үй маңында өткен жиынға 300 ге тарта тұрғын қатысты. Қала әкімі Ә.Өсербаев көпшілікке қасиетті айда атқарған істеріне мол табыс пен береке тілеп, әкімдік атынан аталған шараны өткізуге атсалысқан қалалық құрылыс бөлімі, тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Түркістан су», «Түркістан жылу», «Түркістан тазалық» мекемелеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, қала әкімі өз сөзінде: «Кеңеспен шешкен шешімнің кемісі болмас дегендей, арамызда қарияларымыз отыр және ардақты ағаларымыз, осында өздерінің пікірлерін айтып, жастарымызға ақыл-кеңестерін беріп жатса, сол арқылы біз де билік тарапынан ұтымды ойларды қолдап, кей мәселелердің іске асуына үлес қоссақ бұл да бірлігіміз бен ынтымақты тірлігіміздің нышаны деп есептеймін», — деп форумның мән маңызы жөнінде өз ойларын ортаға салды.Сонымен бірге, қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов көпшілікке тағылымды сөздерін арнап, лебіздерін жеткізді. Бұдан соң Түркістан қаласының бас имамы Омар қажы Елеуұлы тұрғындар алдында имандылық негіздері аясында ой қозғады. Осылайша бастау алған жиында балаларға базарлық ретінде балмұздақтар таратылып, ұйымдастырушылар көпшілікке ерекше қуаныш сыйлады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР