02-09-2021
29.3 C
Шымкент

Ынтымақ бірлік, келісім — ең асыл іс ел үшін

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер Б.Пернебайдың ұйымдастыруымен «Ынтымақ бірлік, келісім — ең асыл іс ел үшін» атты жиналыс болып өтті. Аталған жиынға Б.Искаков- аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, М.Бабаев- Науайы атындағы жалпы орта мектеп диекторының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Өзбек» этномәдени бірлестігінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі арнайы қонақ ретінде шақыртылып, өз ой пікірлерімен бөлісіп, белсене ат салысты. Жастар арасында ұлт аралық татулықты нығайту мақсатында Б.Искаков, М.Бабаевтардың тарапынан кеңінен әңгімелер айтылды. Жастар арасынан сөз алған Елеу Нұрбақыт өз орталарында жалпы ауыл бойынша аталған мәселелер болмағандығын және алдағы уақытта да болмайтындығын жеткізді. Тақырыпқа сәйкес Созақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскері Б.Пернебай баяндама оқып, алдағы уақытта бұндай татулықтың туын биік көтеруге бағытталған іс – шаралар жалғасын табады деген уәде берді. Жиынға 60 жас өз өтінімдері бойынша қатысты. Жиын 2 сағат уақытқа созылды. Одан бөлек жастарды патриотттық рухта тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту мәселелері де кеңінен қозғалды. Жастар бұл жағынан алғанда қамшы салдырмасы анық. Мұндай жиындардың жастарға берері мол.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР