19-09-2021
24.3 C
Шымкент

Ардагерлер ЭКСПО-ға аттанды

Түрлі салада еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлікке шыққан ардагерлер қашанда құрметтен тыс қалмақ емес. Осыған айғақ: ел жетістігін әлемдік шара арқылы болжағысы келген бір топ төлебилік қария Астанаға, ЭКСПО-ға жол тартты. Ел ағаларына сапар алдында аудан басшылығы жылы лебіз арнап, сәттілік тіледі. Күн санап қарышты дамып келе жатқан Астананың ажары бір жылдың өзінде адам танымастай өзгерді. Әлемдік деңгейдегі іс-шараны күні бүгінге дейін 3 млн.-нан астам адам тамашалап үлгерген. Сол миллиондардың көңілінде өшпестей болып қалған әсем көріністердің куәгері болатыныма қуаныштымын, — дейді ардагер Амантай Әлімқұлов.

— Елімізді бүкіл дүние жүзі елдері келіп, тамашалап жатыр. ЭКСПОҒА бұған дейін барып келгем. Бірақ, ақсақалдармен бірге барып, көрудің өзі — бір ғанибет. Ол біз үшін үлкен ескерткіш боп қалайын деп тұр. Аудан әкімшілігіне, Елбасымызға үлкен рахмет,- дейді ол. 

Саяхаттанушылар арасында ауданның әлеуметтік дамуына, өркендеуі мен өрістеуі жолында елеулі еңбек еткен ел ағалары бар. Өз кезегінде аудан ақсақалдары әкімдіктің қолға алған бұл бастамасына алғыс айтып, өз ризашылықтарын жеткізді.

Жамбыл Сейітұлы – Ленгір қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

Елбасымыздың жүйелі басқаруының нәтижесінде жер жүзіне даңқ, атақ беретін көрме, міне, 3 айдың көлемінде жүріп жатыр. Соған міне, ардагерлер болып көріп қайтуға поездға мінейін деп тұрмыз. Барып, көріп, үйге оралып, осының мәнісін, мағынасын жастарға қариялар түсіндіреді деп ойлаймын.

Бүгінде күллі әлем жұртшылығы назарын аударған «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өз көзімен көріп, тамашалау — кімнің де болмасын арманы. Ал, Қазақстанда бүкіләлемдік бірегей «EXPO» көрмесінің өтуі – бұл көшбасшылықтың белгісі.

А. Көпжасарова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР