test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Әлеуметтік оңалтудың тиімді жолы

ОҚО Шардара удандық прокуратурасы мен аудандық пробация бөлімінің бастамасымен облыста тұңғыш рет  Шардара қаласында пробация үйі ашылды. Пробация үйінің ашылуы кезінде аудан прокуроры Өнер Әбдіхалықов сөз алып, аталмыш ұйымның атқаратын қызметі мен міндеттеріне тоқтала кетті. Елбасы тапсырмасын басшылыққа ала отырып, бүгін біздер аудан орталығынан пробация үйін ашып, іске қосып отырмыз. Мақсатымыз – бұрын жаза басып, сотты болған азаматтарды қайта өмірге бейімдеу. Оларды қоғамның белсенді, толыққанды мүшесі болулары үшін тиісті жұмыстардың барлығын да жүргіземіз.Қателескен адамды қайта тәрбиелеп, қатарға қосуда пробация ұйымы жемісті  қызмет атқара береді деп сенемін, — деді Өнер Әметұлы. Жаңа ұйымның ашылу салтанатында сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметтеріне басшылық ету бөлімінің басшысы Айбек Тәңірбергенов сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірісті. Қала әкімдігі ғимаратының екінші қабатында орналасқан пробация үйінде барлығы он мекеменің қызметкерлері құқықтық түсінік берумен айналысады. Атап айтар болсақ, нарколог, психолог, заңгер, аудандық емхана мен аурухана,  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық Жастар ресурстық орталығы, қала әкімдігі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі секілді мекемелердің мамандары айына екі рет осында келіп, жұмыс жүргізеді. Бір сөзбен айтқанда бұрын сотты болғандар қоғамнан сырт қалмастан, өзгелермен тең дәрежеде өмір сүрулері үшін қажетті көмектер жасалынады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР