24-04-2022
16.3 C
Шымкент

Агроөнеркәсіп — маңызды сала

«Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс. Халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшуіміз қажет». ОҚО-дағы Шымкент аграрлы колледжі Елбасы жолдауында екшелген міндеттің үдесінен шығып отыр. Оқу орны озық технологияларды қолданысқа енгізіп, ауыл шаруашылығына қажетті мамандар даярлауда.  Шымкент аграрлық колледжі жанынан 2015 жылы заманауи оқу өндірістік базасы жасақталған. 500 млн. теңге қаржыға ауыспалы егістік танабы, жүзім алқабы, жылыжай, машина-трактор станциясы мен ветеринарлық клиника ашылған. 196 оқытушы 15 түрлі кәсіп иесін даярлауда. Ең бастысы, талапшыл жастарға шәкіртақы төленеді.

      Айта кетейік, колледжде 1500 студент бар. Дені агроном және мал дәрігері мамандығын таңдаған. Студенттер алма дақылының даму кезеңіне байланысты минералды тыңайтқыштарды қолдану, ауыспалы егістікті тиімді пайдалану және алма ағашын будандастыру бойынша дәріс алуда. Пиометрия. Бұл жатыр мойнының іріңді қабынуы. Хирургия бөлімінде студенттер қояннан осы аурудың белгілерін тапты. Оқытушы нұсқауы бойынша ота жасады. Мырзағали Толыбай: «Ұсақ үй жануарының басын көбейту үшін дерттің алдын алуға баса мән беру керек,-дейді. Мейіржан Айтқұлов түстік өңірде техникалық мамандар тапшылығын жою үшін талмай тер төгуде. Колледжде дуальді оқыту жүйесі қолданысқа енгізілгелі білім берудің сапасы артқан. Дәнекерлеуші, механизатор мамандықтарына ер азаматтардың қызығушылығы жоғары болып тұр. Алдағы уақытта ұстаздар сүт өнімдерін терең өңдеу бойынша мамандар даярламақ. Сондай-ақ, шұжық өндіру мен балық шаруашылығын дамыту бойынша да жүйелі жоспарлары бар. Қазіргі таңда бау-бақша өнімдерін консервілеуді оң жолға қойған. Дайын тағамды колледж басшылығы өзіндік құнымен жалақы есебінен тарқатады. Шымкент аграрлы колледжі 2016 жылы облысымыздағы 92 колледж арасында Үздік оқу орны атанған. Халықаралық додаларда оқу орнының жас аспаздары мен спортшыларының топ жаруы оңтүстік облыстағы орта білімнің жоғары деңгейін, қолжетімділігін көрсетіп отыр.

CАТТАР Есімбеков

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР