19-09-2021
22.3 C
Шымкент

Қайырымдылықтың қайырымы бар

ОҚО Мақтарал ауданында «Нұр-Мед» ЖШС-нің басшылары Медет Тайманов пен Нұржан Абдубайтов қайырымдылық жасап, әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға 1 айға жететін азық-түлік таратты. Мақтарал аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары А.Байдуллаев «Әлеуметтік қолдау – әлеуетті қолдау» атты акцияның аясында өтіп жатқан қайырымдылық іс-шарасында кәсіпкерлер М.Тайманов пен Н.Абдубайтовқа өз ризашылығын білдіріп, партияның атынан алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, жиында Мақтарал ауданының бас имамы Бекзат Сыздықов «Бай адамдардың жомарт болғаны жақсы, кедей адамдардың жомарт болғаны одан да жақсы» деп, егер әр адам осылай қайырымды болғанда әлемде ешбір адамның көз жасы төгілмейтіні туралы әңгімеледі. «Мақтаарал» газетінің жауапты хатшысы Сәбит Қалдыбаев 22 мыңнан аса кәсіпкері бар Мақтарал ауданында қайырымдылық жасап жүрген мырзалардың баршылық екенін айтты. Қайырымдылық іс-шарасында 100 отбасыға талон беріліп, көмекке мұқтаж жандар бір айлық азық-түлікпен қамтылды. Мақтарал ауданындағы 1 қала, 3 кент, 20 ауылдық округтерден келген мұқтаж жандарға тегін такси қызметі көрсетіліп, алған азық-түліктерін үйлеріне дейін жеткізіп беру қарастырылған. Тегін талон алушылардың бірі Айжан Арыстанованың былтыр ғана үйі өртеніп, жолдасы ІІ топтағы мүгедекке айналған. Дегенмен, аудандағы қайырымды кәсіпкерлердің арқасында баспаналы болып, осылай ай сайын азық-түлікпен қамтылып отыр екен.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР