test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Фабрика өнімін екі есеге арттырды

Жақында ғана екінші кезеңін іске қосқан Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы «Хаят Р.У.Ж» ЖШС-гі өнімін 2 есеге арттырды. Түркияның жаңа станоктары енді фабрикадағы өнім көлемін екі есе артып қана қоймай, түрлі-түсті жаңа модельді аяқ киімдер шығаруға қауқарлы. Қазір мұнда жылына 1 млн жұп жаздық және қыстық аяқ киім шығарылуда. Өндіріс орны импорт орнын басып, Қазақстан нарығын қамтып жатыр дейді кәсіпкерлер. Айта кетейік, жобаның жалпы құны 675 миллион теңгені құрайды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 100 миллион теңге несие алған. Жобаның бірінші желісі осыдан үш жыл бұрын, ал соңғы желі биыл сәуір айында іске қосылды дейді фабрика өкілдері. Кәсіпорын қазір 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Шеберлер аяқ киімге қажетті шикізатты шетелдерден алып жатқанын айтады. Болашақта аяқ киімге тігетін материалдың елімізде өндірілетініне де сенім артады. Сонда тауарлар бағасы әлдеқайда арзандай түсер еді дейді бизнес өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР