test
09-07-2024
31.3 C
Шымкент

Төрт жылда — 205 мектеп…

Биыл Оңтүстік Қазақстандағы білім саласын қаржыландыруға облыстық бюджеттен 257,6 млрд. теңге бөлінді. Осы жылы 79 білім нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 29-ы жыл соңына дейін толық пайдалануға берілмек. Сала мамандарының айтуынша, өңірдегі апатты және үш ауысымды 43 мектептің 20-сы жаңғыртылды. Атап айтқанда, биылғы Білім күніне орай оңтүстікте жаңадан бой көтерген 20 мектеп ел игілігіне берілді. Ал, қалған 23 мектептің құрылысын алдағы екі жылда толық аяқтау жоспарда бар. Биыл өңірдегі 1034  (мемлекеттік – 1027,  жекеменшік – 7)мектепте 640 мыңға жуық оқушы білім алуда. Салыстыра қарайтын болсақ, оңтүстікқазақстандық оқушылардың саны Маңғыстау облысы тұрғындарының санымен пара-пар. Жалпы, өңірдегі мектеп тапшылығын оңтайлы шешу үшін алдағы төрт  жылда жаңадан 205  мектеп салу жоспарда бар. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары өткен оқу жылымен салыстырғанда 95 бірлікке  артып, балабақшаға кезекке тұрған 3-6 жастағы бүлдіршіндер саны 43 мыңнан 28 мыңға азайған. Ұлысымның ұйытқысы атанған Оңтүстік Қазақстандағы позитивті демографиялық ахуалды ескерген жергілікті билік мектеп пен балабақша тапшылығын оңтайлы шешу бағытында ауқымды жұмыстарды жүйелі жүргізіп келеді. Оның нақтылы нәтижесін облыс аумағында жыл сайын жаңадан салынып жатқан еңселі білім беру нысандарының көптігінен ұғынуымызға болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР