03-09-2021
32.3 C
Шымкент

Оңтүстік брендтерін насихаттау- басты мақсат

 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында «Рухани жаңғыру: Оңтүстіктің брендтерін насихаттаудың заманауи технологиялары» тақырыбында ауқымды форум ұйымдастырылды. Форумға Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі Қамбар Ахметов, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Руслан Ербота және Есей Жеңісұлы сынды белгілі журналистер қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, шара барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты Оңалбай Аяшев, «Mediacratia» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, белгілі журналист Ғалымжан Елшібай сөз сөйлеп, еліміздің соның ішінде оңтүстіктің брендтерін қалыптастыратын маңызды дүниелер мен идеялар туралы тұщымды ойларын айтты. Форумнан кейін «Мемлекеттік органдар сайттарының мемлекеттік қызметтің имиджін арттырудағы рөлі, тұрғындар арасында сұранысқа ие болуы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Өңірдегі аудан, қала әкімдерінің баспасөз хатшылары мен ішкі саясат бөлімдерінің жауапты мамандары қатысқан іс-шарада сала мамандары өзара тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сауалдарына нақтылы жауап берді.  Аймақтағы ресми органдардың сайттары мен олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына шолу жасалды. Жұмыс сапасын жақсарту туралы ұсыныстар айтылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР