04-09-2021
31.3 C
Шымкент

«Ұлттық тәрбие – Мәңгілік елдің негізі»

Кезінде үш жүздің басын қосқан ОҚО-дағы киелі Ордабасы жерінде тәрбиелі, білімді, білікті  ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды атқару  күн тәртібінен  түскен емес. Жуырда осы мақсатта жас буын өкілдерін отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа баулуға бағытталған «Ұлттық тәрбие – Мәңгілік елдің негізі» деп аталған кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Аудан басшылығы аталған кітапты әзірлеп, оның баспадан шығуына себепші болған ардагер ұстаз, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Мәрия Зәйтүнқызына ұлттық тәрбиені ұлықтауға қосқан сүбелі үлесі үшін айрықша алғыс айтты.  Жиында Оңтүстік Қазақстан облысындағы аумақтық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғани Қарабеков, «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты Замира Маханова, «Құрмет» орденінің иегері Медеу Сағымбеков сөз алып, бәсекеге қабілетті әрі ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде бұл еңбектің пайдасы мол екеніне тоқталып, кітап авторына шынайы алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР