18-09-2021
27.3 C
Шымкент

Оңтүстікке Өзбекстаннан 60 саяхатшы келді

Биыл ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясынан құралған  делегацияның Өзбекстанға жұмыс сапары аясында екі ел арасындағы өзара мәдени іс-қимыл жасаудың өзекті мәселелері қаралды. Арнайы меморандум әзірлеу жайы сөз болып, «Қазақстан-Өзбекстан» достық қоғамын құру туралы келісім жасалды. 2-6 мамыр аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйытқы болуымен «Достық керуені» жобасы аясында оңтүстікқазақстандық делегацияның Өзбекстандағы мәдени-тарихи орындарға саяхаты ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйытқы болуымен мамыр айында Өзбекстан тауарөндірушілерінің Шымкент қаласында көрмесі ұйымдастырылды.  Жалпы, оңтүстік өңірі көршілес Өзбекстан мемлекетімен байланысты нығайту бағытында бірталай бастамаларға ұйытқы болды.  Ал кеше Оңтүстік Қазақстан облысына табан тіреген өзбекстандық 60 саяхатшыны Өзбекстан Республикасындағы Қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасының орынбасары Хамза Халмұратов бастап келді.   Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасаған қонақтар көне Түркістан қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігімен етене танысып, өңіріндегі бірқатар тарихи орындарда болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР