03-09-2021
28.3 C
Шымкент

Жерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңірдегі жер қатынастарына жауапты мамандардың қатысуымен селекторлық режимде мәжіліс өтті. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырдың жетекшілігімен өткен жиында жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жиында облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Қ.Ертуов  жыл соңына дейін облыс бойынша 106 131 жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне және 842 елді мекендегі 811,8 мың гектар жерге құжаттамалық ревизия жұмыстарын жүргізу және аудан, қала әкімдіктерімен жайылымдарды басқару, оларды пайдалану жөніндегі жоспарды жергілікті өкілді органдармен бекіту жұмыстарының барысы туралы баяндама жасап, бірқатар аудан, қала әкімдіктері тарапынан атқарылмай отырған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, өңірдегі 63,8 мың гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне  қайтарылғаны туралы айтты. Сондай-ақ, сала мамандары Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасымен 2017 жылғы 12 мамырда бекітілген облыс аумағындағы құбырларды қорғау және қауіпсіздік аймақтары шегіндегі жер учаскелерін пайдалану мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы барысына талдау жасады. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары саладағы түйіні тарқатылмаған бірқатар мәселелерді тиімді шешу үшін жауапты тұлғаларға нақтылы тапсырмалар беріп, оның орындалуын жеке бақылауға алатынын жеткізді. Әсіресе жер қорына құжаттамалық ревизия жүргізу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу және құбырлардың қорғау аймақтарына салынатын құрылыс нысандарының алдын алу бойынша жаңа міндеттер жүктеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР