test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Грек елшісі ассамблея мүшелерімен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келген Грекияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Александрос Катранис облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында болды. Сапар барысында елші облыстық ассамблеяның жұмысымен танысып, грек этномәдни бірлестігінің мүшелерімен бейресми жағдайда кездесті.
Жүздесуге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов қатысып, өңірімізде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, этнос өкілдерінің экономиканы ілгерілетуге қосып жатқан үлесі жайында ақпарат берді.
Грекия елшісі А.Катранис өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен ел саясатын жүзеге асыру үшін құрылған, әлемде теңдесі жоқ институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы жайында айта келе, этномәдени бірлестіктер қызметін дамытуға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ , кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени ықпалдастықты арттырып, экономикалық байланыстарды нығайту жайы да сөз болды.
Айта кетейік, өңірімізде 1 мыңнан астам грек этностары бар. Олардың 598-і Шымкентте, қалғаны Кентау қаласы мен Мақтарал ауданында тұрады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР