10-09-2021
24.3 C
Шымкент

Шикізатты қайта өңдеу арқылы ұтамыз

Қазіргі таңда қолданыстағы заттың басым бөлігі, әсіресе ыдыстың түр-түрі пластмассадан дайындалады. Мәселен, су және басқа да сұйықтықты құюға арналған түрлі бөшкелер, контейнерлер, шылапшын, шара, тегене, ожаудың бәрі бар. Пайдалануға ыңғайлы, жеңіл дүниені сынып, жарамсыз болып қалғаннан кейін қоқысқа тастаймыз.Шынында жарамсыз дүние сияқты… Алайда, мұның бәрі қайта өңдеуге жататын шикізаттар. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған «Spirit Қазақстан» зауыты дәл осы қайта өңделген пластмасса шикізатын сатып алып, спирттік ішімдікке арналған шөлмек қақпақтарын жасап шығарады. Сондай-ақ, зауыт өнімдерінің қатарында түрлі сусын құтыларын дайындайтын пэт преформа және агроөнімдерге арналған жәшіктер өндіреді.«Spirit Қазақстан» ЖШС директоры Азамат Қуанышбайұлы жоба құны 700 млн теңгеге бағаланғанын айтты. Бұл соманың 514,8 млн теңгесін «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығынан 7%-дық несиемен алдық. Қаражаттың 65%-ын техникалық және шикізат қажеттілігіне жұмсадық. Бірқатар заманауи итальяндық қондырғыны «Оңтүстiк» АИО-ның несиесiне лизинг арқылы қол жеткіздік. Отандық өнім болғандықтан жеміс-жидек, көкөніске арналған жәшіктердің құны 200 теңге болып бекітілген. Қазақстан аумағында, әсіресе, өзіміздің өңір, Жетісай, Сарыағаш аудандарында жәшікке сұраныс жоғары. Сондай-ақ, зауыт өнімдері Қырғызстан, Тәжікстан сынды көрші елдерге экспортталады – дейді жас кәсіпкер.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР